2% жеңілдікпен ипотека: оны қанша қазақстандық рәсімдей алады

фото ғаламтордан алынды

Қазақстанда «Бақытты Отбасы» бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында 2%-бен ипотека рәсімдеуге болады. Бірақ мұндай мүмкіндік барлық қазақстандыққа берілмеген.

Жаңартылған ереже

«Бақытты Отбасы» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасы 20 маусымда басталды. Оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан қазақстандықтар тұрғын үйді төмен пайыздық мөлшерлемемен — небәрі 2%-бен сатып ала алады.

Бұған дейін бұл ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерген, соның нәтижесінде оны бұдан да көп азаматтар пайдалана алады.

Жаңартылған ережелерде отбасы табысының жоғарғы шегі, қарыздың ең жоғары сомасы алынып тасталды, сондай-ақ жеңілдікті ипотеканы пайдалана алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді.

Жаңа ережелер бойынша 2% ипотеканы келесі әлеуметтік осал санаттардан қазақстандықтар пайдалана алады:

-көпбалалы отбасылар;
-1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
-жетім балалар.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ҚР ИИДМ) хабарлағандай, азаматтардың бұл санаттарында тұрғын үй аса өткір мәселе.

Айта кету керек, бұған дейін бұл тізімге толық емес отбасылар да кірген, алайда ажырасулардың көбеюіне байланысты бұл санатты бағдарламадан алып тастау туралы шешім қабылданды. Үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға тек «Шаңырақ: 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека беру ұсынысы қолдау тапты.

2% ипотека жоғарыда аталған төрт санаттағы азаматтарға ғана тиесілі. Әкімдікте кезекте тұрған барлық басқа азаматтарға жылдық 5% жеңілдікпен қарыз қолжетімді.

Жеңілдікті ипотеканы қанша азамат пайдалана алады?

2% ипотека барлығына қол жетімсіз, 2022 жылға тек 5000 отбасына «несие беру» жоспарлануда. Осыдан жеңілдікті бағдарламаға қанша азамат қатыса алады деген сұрақ туындайды.

ҚР ИИДМ деректері бойынша бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал төрт санатына кіретін 220 мыңнан астам азамат бар:

-көпбалалы отбасылар — 91 мың адам;
-1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар — 51 мың адам;
-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар — 24 мың адам;
-жетім балалар — 61 мың адам.

Ведомствоның хабарлауынша, «Мықты өңірлер — елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін 46 мыңға жуық жеңілдетілген қарыз беру жоспарлануда, оның ішінде 2%-бен — 28,1 мың кредит, ал 5%-бен — 18,2 мың кредит.

Exit mobile version