10 жылда елдегі оқушылар саны 1 млн-ға көбейген – Асхат Аймағамбетов

Қазір 150 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. 30-ы апаттық жағдайда.

Орын тапшылығы әлі де өзекті. Сол себепті, мемлекет басшысы 800 мың балаға арналған мектептер салуды тапсырды. «Жайлы мектеп» жобасының міндеті осы. Оның аясында балалардың заманауи сапалы білім алуына толық жағдай жасалады. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Бетпе-бет» бағдарламасында осылай деді. Оның сөзінше әр мектепте бастауыш сыныптарға арналған бөлек блок болады. Бұл да балғындардың еркін білім алуына мүмкіндік береді.

– Мектептерді жергілікті әкімдіктер салады. Олардағы жергілікті құрылыс басқармалары бар. Мектептерді салғанда, өкінішке орай, сұрақтар туындап тұрады. Олардың құрал-жабдықтары заманға сай бола ма деп мәселелер бар. Үшіншіден, сол мектепті салады, салып біткеннен кейін қараса, ол жерде жол да салынған жоқ, тиісті тратуар да жоқ. Осы мәселені шешу үшін мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» жобасын қолға алып жатыр,- дейді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Exit mobile version