«Ыстамбұл жастар саммиті» өтеді

Ыстамбұлда 2023 жылдың 6-9 ақпанын аралығында «Ыстамбұл жастар саммиті» өтеді. Бұл – Youth Break the Boundaries Foundation ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық жастар саммиті.

2023 жылғы Ыстамбұл жастар саммитінде«Жаңа көшбасшылар үшін әлеуметтік даму мақсаттары», «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «Сапалы білім», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Өнеркәсіптік инновациялар және инфрақұрылым», «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» тақырыптары ұсынылып, талқыланады.
Ыстамбұл жастар саммитінің мақсаты – жастарға идеяларды, білімді және дағдарыстан шығу кезеңіндегі даму жоспарларының өзектілігін беру.

Осы бағдарлама аясында сіз дағдарыстан шығудың бір түрі ретінде жүзеге асырылуы мүмкін даму стратегияларын әзірлеу туралы білетін боласыз. Сонымен қатар таңдалған жастар әртүрлі елдердің көзқарасы бойынша көптеген жаңа нәрсені үйренеді, бұл бүкіл әлем бойынша байланысты нығайтуға көмектеседі.

Іріктеу критерийлері: жасы 15-тен 35-ке дейін, кез келген білім деңгейі мен ұлты, ешқашан қылмыстық істі болмаған адам.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2022 жылғы 31 тамыз

Толығырақ: http://www.istanbulyouthsummit.com/home

Exit mobile version