Маңғыстау облысында қанша жас бар

қанша жас

Маңғыстау облысында 14 пен 29 жас аралығында 152 842 жас бар. Бұл облыс халқының 22 %-ын құрайды. Оның ішінде 56 530 жас (36,9%) қалада тұрады. Ал 93 144 жас (63,1%) ауылдық жерде тұрады.

Қазіргі таңда облыста 100-ге жуық жас үкіметтік емес ұйым арқылы белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 140 мыңнан аса жас өз саласы мен қызығушылығына қарай жұмыс істейді. Ал өкінішке қарай, 7 328 жас жұмыссыз ретінде тіркелген.

Облыста отбасы құрып жатқан жастар қатары да жетерлік. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, биыл 6 айдың қорытындысы бойынша 2 841 жас отбасы тіркелген. Керісінше, 264 жастың отбасылық өмірі ұзаққа созылмаған.

Сонымен қатар жастар арасында көш бастап, кәсіп ашып жүрген жандар көп. Мәселен «Бастау бизнес» жобасы бойынша 516 адам оқытылып, өз ісін бастауға 312 жас грант және 57 жас шағын несие алған.

Биыл облыста Neet санатындағы 10 000 жастың бары белгілі болды. Енді жауапты мекемелер аталған санаттағы жастармен жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

Exit mobile version