Жаңаөзендік математика оқытушысының ерекше сабағы Қазнетті таң қалдырды

Желіде жас мұғалімнің үзіліс кезінде оқушылармен билеген видеосы пайда болды. Tik-Tok-дағы видео тәулігіне жарты миллионнан астам қаралым жинаған. Бұл туралы «Маңғыстау жастары» сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды.

Математика пәнінің мұғалімі Абылайхан Қадыров Tik-Tok әлеуметтік желісіне өзі және шәкірттері үзіліс кезінде билеген бейнероликті жариялады. Видео Қазнетте жарты миллионнан астам рет қаралып, 19 мыңнан астам лайк пен мыңнан астам пікір жинаған.

Жаңаөзен қаласының мұғалімі Абылайхан Қадыров 26 жаста және ол соңғы бес жылда №5 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ беріп келеді.

– Оқушылармен бір бағытта болу өте маңызды, сол арқылы оларға сабақты немесе тақырыпты түсіндіру оңайырақ. Олар тақырып бойынша айтқаныңызды осылай жасасақ, жақсы қабылдай түседі. Мен 1-сынып оқушыларына да, 11-сынып оқушыларына да математика пәнінен сабақ беремін. Желіде танымал болған видеодағы оқушылар бесінші сынып оқушылары, – дейді Абылайхан Қадыров.

Мұғалімнің айтуынша, ерекше сабақтар мен көңілді үзілістерді оқушылар ғана емес, олардың ата-аналары да, мектеп басшылығы да қолдаған.

https://aitube.kz/video?id=51388588-a811-4e87-951f-a4c32013aad1

Exit mobile version