Жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілі курсының үшінші кезеңі басталды

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы базасында құрылған жастарға арналған «Арман» коворкинг орталығында 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілі курсының үшінші кезеңі басталды.

Жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілін үйрену курсының сабақтары 2 (екі) ай көлемінде аптасына 3 рет 1,5 сағаттан өтеді. Курсқа қатысушылар ағылшын тілінің «Elementary» және «Beginner» деңгейлері бойынша оқытудан өтеді.

Естерінізге сала кетейік, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған тегін базалық ағылшын тілі курсын ұйымдастырып, нәтижесінде 200 – ге жуық жас ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік алған болатын.

Exit mobile version