Маңғыстау облысының әкімі облыстық жастар ресурстық орталығының қызметімен танысты

12 тамыз – Халықаралық жастар күнінде Маңғыстау облысының әкімі С.Ө.Трұмов Ақтау қаласындағы «Жастар үйі» ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қызметімен танысты.

Өңір басшысына жыл бойы өңірде орталықтың жастарды кітап оқуға ынталандыру мақсатындағы «Jastar Books» жобасы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалары насихаттауға бағытталған «Кеңес алаңы» жобасы, оқушыларды кәсіби бағдарлауға бағытталған танымдық шараларды қамтитын «Кәсіби бағдар» жобасы, танымал тұлғалармен жастардың кездесуін ұйымдастыруды көздейтін «Lectorium» жобасының жүзеге асуы туралы ақпарат берілді.

Облыс әкіміне орталық басшының орынбасары Мұқаш Оралбай 2018 жылы өңірде алғаш ашылған жастарға арналған «Arman» co-working орталығының жұмысын баяндап, ондағы отандық және әлемдік әдебиеттерді қамтитын кітап қорын және Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қызметі мен жобаларын таныстырды.

Маңғыстау облысының әкімі С.Ө.Трұмов Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының қызметіне сәттілік тілеп, жастарды жан-жақты қолдайтындығын жеткізді.

Сонымен қатар, «Arman» co-working орталығында ел Тәуелсіздігінің қарсаңында өңір жастарына арналған «Маңғыстау жастары» интернет порталы іске қосылды.

Өңір басшысына «Маңғыстау жастары» интернет порталының мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Аталған интернет порталы жастарға өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласындағы атқарылып жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат алуға, өзінің авторлық жобалары немесе жаңалықтарын бөлісуге, волонтерлік топтар мен жастар ұйымдарына мүшелікке өтуге, өңіріміздегі жастар саясатына және жастар орталығына қатысты жаңалықтарды оқу үшін емайл арқылы жазыла алуғамүмкіндік береді.

Exit mobile version