«БОЛАШАҚҚА СЕНІММЕН» ӨҢІРЛІК ЖАСТАР ЛАГЕРІ
Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және өңір жастарының әлеуетін арттыру мақсатында «Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагері өтеді.
Жастар лагерінің бағдарламасында жастарға арналған trend-сессиялар, мастер-класстар, нетворкинг, кешкі бағдарламалар мен интеллектуалды және спорттық ойындар қарастырылған.
«Болашаққа сеніммен» өңірлік жастар лагеріне қатысушылары – ауыл жастары, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және NEET санатына жататын жастар, жастар және волонтерлық ұйымдардың мүшелері, өзге ұлт өкілдері, студенттер мен оқушылар.