Бейсенбі, Қыркүйек 21, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жорға» би ансамблі 25 жылдық мерейтойын атап өтті

30/04/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
«Жорға» би ансамблі 25 жылдық мерейтойын атап өтті
571
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

29 сәуірде өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Жорға» би ансамблінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды mangystauzhastary.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жорға» би ансамблі 1997 жылы «Радуга» балалар шығармашылығы студиясының жанынан құрылды. Ал ансамбльдің аға тобы 2001 жылдан бастап Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің концерттік ұжымы ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Бір кездері «Жорға» би ұжымында небәрі 13 адам өнер көрсетсе, бүгінде Серік Сариевтің би мектебінде 400-ге жуық өнерпаз бар.

Мерейтойға елдің әр өңірінен танымал әртістер арнайы келді. Атап айтсақ, ҚР халық әртісі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Гүлжан Талпақова (Атырау қ.), ҚР мәдениет үздігі Ғайникамал Бейсенова (Алматы қ.), ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Тойған Изим (Астана қ.), ҚР мәдениет қайраткері, төраға хореографиялық өнер қайраткерлері қоғамының өкілі Еркебұлан Ағымбаев (Астана қ.), ҚР мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Құлбекова (Астана қ.), ҚР мәдениет қайраткері Гүлжан Сағынова (г. Ақтөбе), ҚР халық әртісі Дәурен Абировтың қызы Камила Абирова (Алматы қ.), педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Балжан Тілеубаева (Шымкент қ.), Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің би маманы Бекзат Абсатова (Қызылорда қ.), ҚР мәдениет үздігі, балетмейстер Мағрипа Шегенбаева (Атырау қ.), хореограф Бибігүл Тілеубекова (Атырау қ.) және хореограф-дизайнер Исатай Елеусінов (Атырау қ.) бар.

Мерекелік кешке келген қонақтар «Жорға» ұжымының ұлттық би өнерінің көсегесін көгертудегі өрелі жетістіктерін санамалап, аталған ансамбль шығармашылығы елімізде ғана емес халықаралық кеңістікте де ерекше беделге ие екендігін атап өтті.

Өнер ұжымын өңір басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтады.

– 25 жылдан бері «Жорға» ұжымы ұлттық би өнерінің үздік дәстүрлер тінін үзбей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келеді. «Жорға» ансамблі айрықша шығармашылық қолтаңбаға ие. Репертуары алуан реңкті, аса бай. Бүгінде көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болған танымал өнер ұжымы талғамы биік би қойылымдар мен жаңа композицияларды көрермен назарына ұсынып келеді. «Жорға» ансамблі ел аумағында аса танымалдыққа ие әрі халықаралық конкурстарда да Маңғыстау абыройын асқақтатып жүр. Біз мұны Серік Мұхамбетқарымұлының табандылығы мен шеберлігінің нәтижесі деп пайымдаймыз. Концерттер мен байқаулар физикалық, психикалық даярлықты талап етеді. Мен бишілерге шыдамдылық тілеймін. Тек төзім, табанды еңбекпен жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонда ғана армандар міндетті түрде орындалады! – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Мерейтойлық іс-шара аясында ҚР халық әртісі Шара Жиенқұлованың, тұңғыш кәсіби балетмейстер Дәурен Әбіровтың, ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапалованың және ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақованың қазақ биі тарихындағы тұңғыш шығармашылығына арналған көрме өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлова мен Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Талпақова атындағы атаулы аудиториясы ашылды.

 

1 of 2
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

20/09/2023
Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

19/09/2023
“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

19/09/2023
Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

16/09/2023
  • Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    579 shares
    Share 232 Tweet 145
  • Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    570 shares
    Share 228 Tweet 143
  • “Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

    568 shares
    Share 227 Tweet 142

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist