1 наурыз бен 10 қазан аралығында «Жоғары технология және инновациялық әзірлемелер» атты халықаралық сайыс өтеді.
Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Түрікменстан Республикасының Ғылым академиясы, Білім министрлігі мен Мақтымқұлы атындағы Жастар ұйымының кеңесі ұйымдастырып отыр.
Сайысқа 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.
Қатысуға ниетті жастар сілтемеге (сайыстың ережесі) өтіп мұқият танысып, анкетаны толтырып, ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдауы қажет.