Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, облыстық ресурстық орталығының мамандары мен жастар ұйымдары теңіз жағалауына шығып, сенбілік өткізді.
Сенбілікке қатысқан жастар шашылып жатқан бөтелке, целлофан, шыны ыдыстарды арнайы қапшықтарға салып, теңіз жағалауын тазартты. Сондай-ақ жастар тұрғындардан тазалық сақтауды және экологиялық сауатты арттыруды сұрады.
– Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаламызды қоқыстан тазарттық. Тек акция кезінде ғана емес, күнде айналамызды тазалауға, табиғатымызды аялауға шақырамын. Себебі табиғатымыздың түлеп, қаламыздың көркеюі бізге байланысты. Қоршаған ортаны қорғау – басты міндетіміз, – дейді жастар.
Бұған дейін экобелсенділер облыстағы тарихи, көрнекті орындар мен қорымдарда сенбілік өткізген еді