«AMANAT» Саяси менеджмент академиясы «Жас саясаткер мектебі» оқу бағдарламасы қатысушыларының іріктеуін 13 қарашаға дейін ұзартты!
Оқу нәтижесінде білім алушылар «Жастар Рухы» қызметінің аясында өз аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған жобаларын жасап, оны іс жүзінде жүзеге асыра бастайды.
Іріктеудің аяқталуына 6 күн қалды, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Іріктеуге қатысу үшін өтінім формасын толтырып, құжаттар пакетін info@apm.amanatpartiasy.kz электронды поштасына жіберу керек.