Қарақия кәсіптік колледжінде жапондық «Jisa» компаниясының делегаттарымен, «Атамекен» ҰКП, Jiсa OVOP Қырғызстан жобасының кеңесшісімен «Бір ауыл, бір өнім» республикалық жобасы бойынша кездесу өтті.
«Бір ауыл-бір өнім» республикалық жобасы Қазақстан бойынша төрт облыстың төрт ауылын қамтиды. Маңғыстау облысы бойынша Қарақия ауданының Құрық ауылындағы Қарақия кәсіптік колледжі. Аталған жобаның мақсаты — төрт түлік малдың жүн-терісін өңдеп, әлемдік деңгейде таныту.
Кездесу барысында колледждің табиғи жүннен бұйымдар шығару, «Карвинг» стилінде дастархан жасау, дайын дизайнерлік трикотаж бұйымдарын жасаудағы мүмкіндіктерін көрсетті, шеберлік сыныптар өткізілді.
Алдағы 2023-2024 оқу жылында «Тері және тон бұйымдарын өндіру технологиясы» мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдауды жоспарлап отыр.
Форумның жұмыс тобы Қарақия кәсіптік колледжінің жұмыс барысымен, заманауи тері-тон бұйымдарын өңдеу технологиясымен танысты.
Сондай-ақ, жапондық «Jisa» компаниясы тері өндеу бойынша заманауи құрал-жабдықтарды колледжге демеушілік есебінен алып беру жолдарын қарастыруда.