8 қараша күні Хромтау қаласында волейболдан 2010-2011 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен ҚР күзгі чемпионатында Маңғыстау облысынан қатысқан қыздар командасы жүлделі 2-орынға ие болды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Бұл жүлде Маңғыстау тарихында алғашқы рет орын алды. Шын қуанып тұрмыз. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында өткен күзгі чемпионатта 16 құрама команда арасында 2008-09 қыздар 6-орынға ие болды. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Команданы жаттықтырып, осы жарысқа дайындаған әріптестерім Саламат Мусаев, Гүлсара Утарбаева, Рауан Ізтұрғановқа рахмет айтқым келеді, – деді жаттықтырушы Бексұлтан Өмірғалиев.
2008-2009 ж. қыздар құрама командасында «Үздік ойыншы» номинациясымен Евгения Киселева марапатталды. Айта кетейік, чемпионатқа 13 команда қатысты.