Жаңаөзендік спортшылар Арал қаласында еркін күрестен өткен республикалық турнирде жеңіспен оралды.
20-23 қазан күні Арал қаласында өткен Сақытжан Мусеновті еске алуға арналған республикалық турнирге Жаңаөзендегі №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысты.
Жасөспірімдер арасында еркін күрестен өткен турниріне еліміздің түрлі өңірінен 14 команданың ішінде Жаңаөзен қаласынан қатысқан 6 балуан да жүлделі орындарға ие болды.
1-орынды Қуандық Абдыкалиев (62 кг) Жайлау Абзал (75 кг) алса, 2-орын Сайын Мухамедали (41 кг) мен Бек Халмуратовке (48 кг) бұйырды. Ал 3 орынды Абдулкадыр Өтеулі (52 кг) мен Барс Темірлан (52 кг) алды.
Жаттықтырушы Аслан Нұрмағамбетовтің айтуынша, балуандар жарысқа үлкен дайындықпен барған.
– Жаңаөзеннен қатысқан спортшылардың бәрі де жүлдемен оралды. Дайындалған еңбегіміз ақталды, – дейді Аслан Нұрмағамбетов.