Жаңаөзендік спортшылар Ақтау қаласында өткен панкратион спортынан Қазақстан кубогында жүлделі орындар алды.
Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан шамамен 500-дей спортшы қатысты. Бұл жарысқа Жаңаөзен қаласындағы оқушылар шығармашылық үйінде жаттығатын Кудо үйірмесінен 23 оқушы бақ сынады. Нәтижесінде, І, ІІ, ІІІ орынды иеленді.
– Кудо спорты барлық шығыс жекпе-жегіне сәйкес келеді. Күнде дайындықта жүреміз. Бұл үйірмп Оқушылар шығармашылық үйінде 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір біздің құрамда 400-ден астам кішкентай кудошылар бар. Жалпы бұл үйірмеге 6-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады, – деді жаттықтырушы Арман Сұлтанбаев.