Қостанай облысында өткен «Мірдің оғы» атты ІІІ республикалық фестивалінде Маңғыстау облысының атынан өнер көрсеткен «Бозжыра» әзіл-сықақ ұжымы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Аталған фестивальдің қазылар алқасында белгілі сатирик, Президент сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, «Тамаша» театрының актёрі, «ТТТ» театрының директоры Асылбек Боранбай, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан болды.
«Бозжыра» әзіл-сықақ ұжымы Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылына қарасты «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған.