Алматыда 2-6 қараша аралығында кәсіпқой бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыста жаңаөзендік боксшылар жүлделі орынға ие болды.
Аталған жарыста Жаңаөзен қаласынан қатысқан 10 спортшы жүлдемен оралды. Олар 1 алтын, 3 күміс, 1 қола иеленді. Сондай-ақ, диплом мен кубок алған.
Атап айтқанда 1-орынды Махамбет Көшмағанбетов иеленді. 2-орын Ринат Мырзаш, Данияр Байназар мен Злиха Оразханға бұйырды. 3-орынға Әл-Фараби Лепесбай табан тіреді. Ал қайсарлық көрсеткені үшін кубок пен диплом – Сұлтанбек Әминге табысталды.
– Жарысқа әр облыстан 24 команда қатысты. Біздің командада 9 ұл мен 1 қыз болды. Жалпы негізгі дайындығымыз жақсы. Алдағы уақытта да түрлі жарыстарға қатыспақпыз,- деді бапкер Аскер Кайрлиев.
Айта кетейік, жарыс WBC, WBA, WBO, Global орта салмақтағы чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлына арналды. Бокс додасына Алматы, Алматы облысынан споршылар қатысып, бақ сынады.