Жаңаөзен бокс мектебінің тәрбиеленушілері 8-12 желтоқсанда Астана қаласында өткен ашық турнирде 32 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 18-і алтын медаль.
Турнирге республиканың барлық өңірлерінен 28 команда қатысты. Олардың ішінде рингтегі шеберліктерін Жаңаөзеннен келген 32 спортшы көрсетті. Олар жалпы командалық есепте бірінші болып 18 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.
Спортшылардың жаттықтырушысы Әскер Қайырлиев мұндай жетістік үлкен еңбек пен өзін және өз қаласын жариялауға деген ұмтылыстың нәтижесі болғанын атап өтті.
-Турнирлерге әрқашан дайын болу керек. Біздің мақсат осындай жарыстарда қаламыздың, Қазақстанның атын шығаратын спортшылар дайындау. Сол үшін кішкентай кезінен спортқа баулыған дұрыс, – дейді жаттықтырушы.
Жаттықтырушы балаларды 7-8 жастан бастап бокс бөліміне әкелуге кеңес береді.