Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық драма театрының кіші залында «Кіндік» деп аталатын спектакльдің премьерасы өтті. Спектакль кәсіби театр режиссері Исаева Әлияның сүймелдеуімен дайындалды. Спектакльдің пьесасын арнайы кәсіби драматург Қолғанат Мұрат жазған.
Режиссердің айтуынша, аталған драма қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетіп қалмаулары үшін жат ағымның алдын-алу және адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жақсыға шақыруды көздейді және деструктивті жат діни ағымға шырмалған жас қыздың тағдырын суреттейді.
– Бұл спектакльдер қоюдағы мақсат – әр көрерменге, соның ішіндегі жастарға өзекті мәселелерді көрсету арқылы, санасына ой салу арқылы өзекті мәселерді шешуге және алдын – алуға итермелеу. Бұл спектакль Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасының тапсырысы негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асып жатқан «Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасының негізінде қойылып отыр. Алдағы уақытта, өңірде әлеуметтік мәселерді шешу және алдын алуға арналған спектакльдерді тек облыс орталығында көрсетіп қана қоймай, барлық 5 аудан, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында көрсетіледі,- дейді Әлия Исаева.