Енді жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған жастар аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметтің төменгі сатысына конкурссыз қабылданады.
♦️Жаңашылдықтың басты мақсаты – мемлекеттік қызметке орналасудағы кедергілерді жою. Бұл өз кезегінде аудандар мен ауылдарда жас мамандардың қажеттілігін азайтуға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке тұру процестерін жеңілдетуге септігін тигізеді.
♦️Екінші жаңашылдық уәкілетті органның келісімі бойынша конкурстық іріктеусіз жоғары лауазымдарға тікелей тағайындау мүмкіндігі. Бұл өз кезегінде тікелей басшылардың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін күшейтпек.
♦️Үшіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде елорданы қоспағанда, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалмақ.
♦️Төртіншіден, екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Ал төменгі бос лауазым болмағанда – қызметтен шығарылады. Бұл аппаратты тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден босатуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді.