Сейсенбі, Қаңтар 31, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркия консулдығы Республика күніне орай қабылдау өткізді

01/11/2022
Айдары: Жаңалықтар
0
Түркия консулдығы Республика күніне орай қабылдау өткізді
566
SHARES
5.1k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрік халқы еліміздің басты ұлттық мерекесі – Республика күнін атап өтілді. Айтулы мерекеге орай Маңғыстауда Түркия Республикасының бас консулдығы салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулдығының атташесі Бюкер Йылдырым және басқа да мемлекеттік органдардың, Ақтау қаласындағы – Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан мен Түркіменстанның дипломатиялық өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Түркия Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

– Сіздерді Түркия Республикасының құрылғанына 99 жыл толуымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Түркия Қазақстан үшін Еуразия құрлығындағы ең маңызды және сенімді серіктестердің бірі болып табылады. Тәуелсіздік тұғырында Қазақстан мен Түркия өзара сенім мен құрметке негізделген көпжақты серіктестіктің тамаша үлгісін көрсетуде. Түркияның экономикалық белсенділігі әріптестік аясында Маңғыстау облысының гүлденуіне ықпал етуде. Бұған Түркияның ірі бизнес өкілдерінің өңірде жүзеге асырып жатқан ауқымды инновациялық-инвестициялық жобалары дәлел. Тарихта тамыры терең бір түркі өркениетінің жаңғырып, өрлеуіне екі ел арасындағы мәдени-рухани үндестік пен ширек ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастықтың ықпалы ерекше. Бүгінде Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы сенімді саяси, әлеуметтік және экономикалық серіктесі болып табылады. Түркияның Ақтаудағы бас консулдығы екі елді байланыстыратын ұйым ретінде өте маңызды саяси рөл атқарады. Осы айтулы оқиғамен түрік халқын облыс тұрғындарының атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздерге бақыт, елдерімізге тыныштық тілеймін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Қазіргі таңда облыста түрік инвесторларының қатысуымен экономиканың азық-түлік, көтерме сауда, зергерлік бұйымдар, құрылыс, мейрамхана бизнесі бойынша 74 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Жыл басынан бері 8 айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 57 миллион ​​долларды құрап отыр.

– Сіздерді шын жүрекпен және құрметпен қарсы аламын. Бүгін біз Түркия Республикасының құрылғанына 99 жыл толуын мақтанышпен және толқумен атап өтудеміз. Шет елдердегі миссиямыздағы достарымызға қуанышты мерекемізді бөліскендері үшін өз атымнан, бүкіл ел және халқымның атынан алғыс айтамын. Осы орайда республикамыздың негізін қалаушы Ғази Мұстафа Кемал Ататүрікті, тәуелсіздік соғысындағы жеңісіміз үшін жанын қиған батырларымызды, сондай-ақ Ұлы Ұлттық Мәжілістің ұлтжанды мүшелерін тағы да алғыспен еске аламын. Түрік халқын 29 қазан – Республика күнімен тағы да құттықтап, денсаулық, бейбітшілік және бақ-береке тілеймін, – деді Бюкер Йылдырым.

 

1 of 3
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

08/01/2023
Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

30/12/2022
Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

30/12/2022
Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

30/12/2022
  • 2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    706 shares
    Share 282 Tweet 177
  • Құрметті Маңғыстау жастары!

    688 shares
    Share 275 Tweet 172
  • Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    684 shares
    Share 274 Tweet 171
  • «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

    652 shares
    Share 261 Tweet 163
  • «Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

    637 shares
    Share 255 Tweet 159

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Маңғыстау жастары

«Маңғыстау жастары» сайты - Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады. Сайт жұмысы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен және «Қолдау»орталығы» жеке меншік мекемесінің жүзеге асыруымен жүргізіліп отыр.

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist