Түркияның Бурса қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымының жастар және спорт министрлерінің VI отырысы өтті.
Кездесуге Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Түркіменстан, сондай-ақ Түркі Мемлекеттері Ұйымы Хатшылығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ТМҰ елдері кәсіпкерлерінің жастар форумын, халықаралық жастар фестивалі мен ТМҰ жастар платформасын ұйымдастыру және өткізу, жастар алмасу бағдарламасын, еріктілерді оқыту бағдарламасын және ТМҰ жастар астанасының бастамаларын іске асыру бойынша талқылаулар өтті.
АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов ТМҰ елдерінің жастары үшін жаңа мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау мәселелерінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Түркі Мемлекеттері Ұйымының қызметі шеңберінде халықаралық жастар ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.