Түпқараған ауданында 2022 жылғы жоспар бойынша бюджеттен барлығы 65 тұрғынға қаражат қарастырылды.
«Бизнес бастау кәсіпкерлік негіздерінде оқыту» электронды business.enbek.kz сайты арқылы 199 адам оқып, 141 адам сертификатқа ие болды. Соның ішінде қайтарымсыз грантқа 113 адам өтініш білдірді.
Комиссия шешімінің негізінде 65 адам мал шаруашылығы, тігін өндірісі, кондитерлік өнімдер, баспахана сияқты тағы да басқа салалар бойынша 1 225 200 тг көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды. 65 грантқа ие болған адамдардың ішінде 24 адам жастар санаты бойынша және 41 адам әлеуметтік осал топқа жатады.