Баспаналы болғандардың бірі – Шынар Тәжібаева. Жолдасы дүниеден өткен соң 6 балаға тәлім-тәрбие беріп отырған батыр ана. Осы орайда ауыл жастары жалғызбасты ананың жағдайын ескеріп, 4 бөлмелі пәтерді сыйға тартты.
Сонымен қатар жастар 6 балалы ана Жадыра Өтеғалиеваны да қуантты. Ол осы тосынсыйды естігенде қуаныштан көз жасына ерік беріп, алғыс айтты.
– Қасиетті Рамазан айында жастардың жасаған жақсылықтары өздеріне мың еселеніп қайтсын. Ораза айт құтты болсын! Әрбір отбасына жақсылық тілеймін!- деді ауыл тұрғыны Шынар Тәжібаева.
Айта кетейік, баспанамен қатар отбасыға қажетті тұрмыстық техникалар мен 200 мың теңге қаржылай сыйлық табысталды.