Маңғыстау облысы Азаматтық альянсы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жергілікті қоғамдық пікір көшбасшылар мектебіне өтінім қабылдауды бастады.
Бұл қоғамдық пікір көшбасшыларына арналған кәсіби бағдарлама. Бағдарлама қатысушылары үш ай ішінде Ақтау қаласында өтетін «Мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік бюджеттің мониторингі», «адвокаттық науқанды өткізу», «әлеуметтік желілермен жұмыс» және басқа да практикалық тақырыптарға арналған, үш бөлімнен тұратын интерактивті екі күндік семинарларға қатысады.
Бағдарламада орын саны шектеулі. Бағдарламаның бірінші сессиясы 2022 жылдың 12-14 қазанда Ақтау қаласында өтеді.
Дедлайн: 7 қазан 2022, Ақтау уақыты бойынша 18:30.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
-Аймақтың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысу;
-Бағдарлама шеңберінде барлық сессияларға міндетті түрде қатысу және барлық тапсырмаларды орындау;
-Бағдарлама кезінде басқа жерге кету жоспарларының болмауы;
-18 жасқан асқан;
-Маңғыстау облысында тұруы;
-Азаматтық қоғамның не екенін түсіну, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға қызығушылық немесе тәжірибе көрсету, жергілікті мәселелерді терең білу және кез-келген мәселені шешуде қоғамның назарын аудару.
-Оқыту шеңберінде өндірілген барлық өнімдерді, визуализацияларды жариялауға келісім;
Қатысу үшін 2022 жылғы 7 қазан, Ақтау уақыты бойынша 18:30 дейін (Google forms) https://forms.gle/KWdXq51ASQjfmJ1F8 сілтемесі арқылы онлайн өтінім формасын толтыру қажет.
Қатысушылар қалай таңдалады:
1. Өтінімдер негізінде кандидаттардың шорт-парағы анықталады: 10 қазан. Өз ауылының/ауданының өміріне белсенді қатысатын өңірдің қазақ тілді тұрғындары басымдыққа ие болады.
2. Шорт-парағына кірген үміткерлермен телефон арқылы жоба тобы жеке сауал өткізеді.
3. Жеңімпаздар шақыруды 12 қазаннан кешіктірмей e-mail және ұялы телефон арқылы алады.
Ұйымдастырушылар оқу кезінде шалғай ауыл/аудан қатысушыларының жол және қонақ үй шығындарын өтейді.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 702 726 12 96 karabalayeval@mail.ru Ләззат Алманбетова