Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауы бойынша алдын ала нәтижесі шықты: Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті.
Бұл 6 456 392 адам.
Сайлауға құқылы 11 953 465 адамның 8 300 046-сы дауыс берген.
ОСК нәтижесі бойынша:
Қарақат Әбден – 2,06 пайыз дауыс;
Нұрлан Әуесбаев – 2,22 пайыз дауыс;
Жигули Дайрабаев – 3,42 пайыз дауыс;
Мейрам Қажыкен – 2,53 пайыз дауыс;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31 пайыз дауыс;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,12 пайыз дауыс жинады.