Қарақиялық спортшы Гаухар Жанғазы 15 жасында әлем чемпионы атанды.
16-18 қазан күні Түркия елінің, Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 54 елінен мықты спортшылары қатысты.
Гаухар Жанғазының спортпен айналысып жүргеніне 7-8 жылдай уақыт болды. Ол осы әлем чемпионатына 1 жыл дайындалған. Тыңғылықты жаттығудың арқасында әлем чемпионы атанды.
-Әлем чемпионаты өзіміз күткендей жоғары деңгейде өтті. Алға қойған мақсатыма жеткеніме қуаныштымын, – дейді Гаухар Жанғазин.
Әлем чемпионының бапкері осымен тоқтап қалмай, тағы да жарыстарға қатысатындарын айтты.
-Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Гаухардың еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Гаухарды ересектер арасындағы жарыстарға дайындап, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсету үшін жұмыстанатын боламыз, – дейді спортшының бапкері Мустафа Нарымбаев.