Бүгін, 15 мамырдан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін business.enbek.kz порталында грантқа өтінім қабылдау басталды, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.
Республика бойынша екінші лекте 2 697 адамға грант беру жоспарланып отыр. Грант сомасы – 400 АЕК-ке тең.
Айта кетейік, егер интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Мемлекеттік грант алуға тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады.