Үкімет Маңғыстау облысының жастар саясаты саласына қолдау көрсетуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесуінде айтты.
«Облыс жастары ел дамуына белсене атсалысып, серпінді бастамаларды ұсынып, жүзеге асыруға дайын. Жастар ресурстық орталықтарына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Талантты және белсенді жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау қажет. Жергілікті жастар біліктілігін арттыру немесе жұмысқа орналасу үшін басқа аймақтарға, соның ішінде Алматы мен Астанаға баруы керек. Үкімет бұл салада өңірге қолдау көрсетуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.