12-16 мамыр күндері Ақтауға Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры гастрольдік сапармен келеді. Қойылымдар облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында сахналанады.
12 мамыр сағат 19.00-де Шыңғыс Айтматовтың “Жәмила” драмасы;
13 мамыр сағат 19.00-де Шыңғыс Айтматовтың “Арманым-Әселім” лирикалық драмасы;
14 мамыр сағат 19.00-де Дариға Мұштанованың “Аңыз болған абысындар” лиро драмасы;
15 мамыр сағат 19.00-де Флорид Буляковтің “Қысқа ғұмыр” мұңды комедиясы;
16 мамыр сағат 19.00-де Нартай Сауданбекұлының “Мұқағали-Нұрғиса” драмасы;
Ал кішкентай көрермендер үшін 12-16 мамыр аралығында сағат 11.00:де Эндрю Стентонның “Ойыншықтар оқиғасы” ертегісі сахналанады.