Бүгін мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Маңғыстау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев;
«Құрмет» орденімен «Мамандандырылған IT-лицей» КММ мұғалімі Людмила Николаевна Рябова;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Мұрсалқызы Дүйсембаева;
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаев;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен ««Акжол+К» ЖШС шебері Феруза Бисенбайқызы Қаракесекова марапатталды.