Құрметті жайдарманшылар!
Сіздерді жаңа “Әдемі маусымының” ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз. Аталған маусым Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен өтеді.
“Маусымашар-2023” фестиваліне тіркеу @jaidarman12 парақшасының БИО бөлігінде (аккаунт туралы ақпараттар) көрсетілген сілтеме forms.gle/gnxoE2rzutVBNYUZ8 бойынша жүргізіледі. Тіркеу сәуір айының 27 жұлдызына дейін жалғасады.
Ескерту: Команда жөнінде ақпаратты толық, нақты және қатесіз жазу сұралады.