Маңғыстаулық спортшы Сергей Пономарёв олимпиадаға дейін рейтингтік ұпай жинайтын іріктеу жарыстарының тізіміне кіретін сайыстан екі алтын жеңіп алды.
Жарыс 17-18 қыркүйек аралығында Испания, Барселона қаласында Trofeu Internacional de Pista Cuitat de Barcelona «Memorial Miquel Poblet» өтті.
Атап айтқанда «Кейрин» бойынша 1 орын және «Спринт» бойынша 1 орынға ие болды.
Жаттықтырушы Жанұя Сеитованың айтуынша, Сергей велоспорттың “кейрин” түрінен өткен сайыста Ирландия Және Ұлыбритания елінің спортшыларын басып озып, алтын жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, «Спринт» бойынша 3 орынға Норвегия елінің спортшысын, 2 орынға Ұлыбритания елінің спортшысын қалдырып, 1 орынды қазақстандық Сергей Пономарёв еншіледі.
Жарыста 10 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы бақ сынады.