Сейсенбі, Қаңтар 31, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық шабандоздар алда келе жатыр

26/09/2022
Айдары: Жаңалықтар
0
Бибісара Асаубаева Астанада өткен Гран-приде ең танымал шахматшы Александра Костенюкті жеңді
564
SHARES
5.1k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Елімізде алғаш рет «Ұлы Дала Жорығы» 1 200 шақы­рымдық марафон-бәйге өтіп жатыр. Екі күннің қорытындысы бойынша маңғыстаулық атбегілер 1-орын алды.

Маңғыстаудың командасында 10 ат және 5 шабандоз, яғни Батырбек Қамысбаев, Әбіш Етіреков, Руслан Дүйсембай, Ербол Ермағамбет, Нұрсағын Тұқымбай бар. Жетекшісі Исанбай Қалдаманов болса, командаға жауапты Алдаберген Ұзақбай бекітілген. Аттарды Аман Балтабай мен Бұғабай Мықырбаев баптаған.

Орынбасар Құлбековтың айтуынша, 18-29 қыркүйек аралығында шабандоздар елордадан Түркістан қаласына дейін 1200 шақырымнан аса қашықтықты басып өтеді. Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген. Екі күн ішінде қатысушылар Астанадан Қарағанды облысындағы Баршын ауылына дейін 200 км жүріп өтті.

– Алғашқы күні Оралдың атбегілері алға шыққан еді. Алайда маңғыстаулық жігіттер кеш шықса да, оралдықтардан озып, уақыт бойынша бірінші мәреге жетті. Бір ерекшелігі аттарымызды тексергенде, күш-қуатты болды. Жүрек соғысы 41, 46, 52, 58, 60 көрсетті. Бұл дегеніміз күшті көрсеткіш. Ал басқа өңірдің аттарына ветеринарлар емдік шараларды ұйымдастырды, – дейді Орынбасар Құлбеков.

Бүгінгі нәтиже бойынша 7 сағат 43 минутпен Маңғыстау облысының құрамасы 1-орынға шықты.

Осылайша марафонға қатысушылар әрбір 100 шақырым сайын аялдап, Ұлы Дала рухын сезінуге және түркілердің киелі жерлері – Жошы хан, Алаша хан кесенелері, сондай-ақ Қазақ хандығының алғашқы астанасы Созақ қаласы пен түркі руханиятының бесігі Түркістан қаласы сияқты тарихи орындарға, Әзірет-Сұлтан кесенесіне зиярат жасауға мүмкіндік туады.

Марафон-бәйге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдауы және «The Great Steppe Tour» Қоғамдық қоры мен «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Шеберлік пен уақытты ұтымды пайдаланып, бас жүлдеге ие болған команда «Ұлы Дала Сарбазы» атағы мен 30 000 000 теңгемен марапатталады. 2 орын иегерлері 20 000 000 теңге және 3-орынға тұрақтанғандар 15 000 000 теңге жүлдемен оралады.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

08/01/2023
Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

30/12/2022
Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

30/12/2022
Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

30/12/2022
  • 2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    706 shares
    Share 282 Tweet 177
  • Құрметті Маңғыстау жастары!

    688 shares
    Share 275 Tweet 172
  • Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    684 shares
    Share 274 Tweet 171
  • «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

    652 shares
    Share 261 Tweet 163
  • «Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

    637 shares
    Share 255 Tweet 159

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Маңғыстау жастары

«Маңғыстау жастары» сайты - Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады. Сайт жұмысы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен және «Қолдау»орталығы» жеке меншік мекемесінің жүзеге асыруымен жүргізіліп отыр.

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist