Сейсенбі, Қаңтар 31, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық 70 жастағы көпбалалы ана 23 жылдан бері жолаушыларды тасымалдап келеді

26/10/2022
Айдары: Жаңалықтар, Өзге пайым
0
Маңғыстаулық 70 жастағы көпбалалы ана 23 жылдан бері жолаушыларды тасымалдап келеді
567
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

23 жыл бойы күніне 200-ден астам шақырымды артқа тастап жолаушы тасып жүрген Гүлшара Жолдасбаеваны Маңғыстаудың ойында танымайтын адам аз. Ақ жаулығы желбіреп, ақ тұлпарды тізгіндеп 7 баланы өсірген Гүлшара Мыңбайқызы қазақ әйелінің қайсарлығын көрсететіндей,- деп хабарлайды «Маңғыстау жастары» сайты «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Гүлшара Жолдасбаева десе ешкім елең ете қоймауы мүмкін, ал «таксист Гүлшара» десе Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы мен Ақтау қаласы арасына қатынайтын кез келген жолаушы таниды. Бәрі ризашылықпен ол кісі туралы әңгімелей кетеді. Өйткені Гүлшара 23 жылдан бері темір тұлпарын тізгіндеп, осы аймақта жолаушы тасып келеді. Кейіпкеріміз алғаш рет 1999 жылы 46 жасында алғаш рет көлікке отырған екен.

«Бұл өмірдің сан түрлі қиыншылықтары бар ғой. Бірақ оған мойып, морт сынып қалу деген болмайды. Қиын жағдайларға мен де тап болдым. Балалар кішілеу болды. Сүйенетін жолдасым да жоқ. Амалсыздан балаларды асырау үшін көлікке отырған едім. Басында ауылдың ішінде таксист болдым. Ол кезде мұндай қызмет түрі жоқ еді. Ауылдастарым таңқалатын еді. Содан 4-5 жылдан соң Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым» деді Гүлшара Жолдасбаева.

Әйелдің көлік жүргізгеніне ауылдастары таңқалған. Сенімсіздікпен қарайтындар да кездескен. Ал қазір 15 жылдан бері келе жатқан тұрақты жолаушылары бар. Талай жыл тас жолда жүрген ол тәртіп бұзып, жылдамдықты асырып заңға тартылмаған. Сенімді жүргізуші мезгіл таңдамайды. Таң сәрі демей, түн демей жүре береді. Жүкті келіншекті облыс орталығындағы босану үйіне, асыққан жолаушыны аэропортқа жеткізген кездері аз болмапты.

«Таксист болып тапқан табысыма 7 баламды асырап бақтым. Ешқайсысын қатарынан кем қылмадым. Ал жолдың қауіп-қатері көп. Кейде шаршап та жүрдім. Техника болғасын істен шығатын, жөндеп үйрендім» деді қасқайып Гүлшара.

Гүлшараның азаматтардай жігерілілігін, қажырлылығын айналасының бәрі мойындайды. Оның адамның жанын түсінетін мейірімділігі, кісінің көңіліне қарайтын кішіпейілділігі, жолаушыны жолынан қалдырмайтын жауапкершілігі де бар. Танитындар таксист апайды осы қасиеттері үшін ерекше сыйлайды.

«Мен неше түрлі көңіл күйдегі адамдармен сапарлас боламын. Сондықтан да әбден психолог болып алған сияқтымын. Қиналып отырған жолаушыға сәл де болса моральдық қолдау көрсетіп, ал қуанып келе жатқандардың көтеріңкі көңіліне ортақтасып отырамын. Көлігімде көбінесе Шәмшінің әндерін қосып қоямын, мағынасыз-мәнсіз дүниелерді тыңдамауға да, тыңдатпауға тырысамын», деп өзінің патриоттық көзқарасын да жеткізіп қойды.

Гүлшара Жолдасбаеваның олай етуі орынды-ақ. Өйткені ол өнер ордасы атанған Жыңғылды ауылының тумасы. Күйші, халық композиторы Есір Айшуақұлының ұрпағы. Әкесі Мыңбай да 1957 жылы Мәскеудегі Жастар мен студенттердің бүкілдүниежүзілік VI фестиваліне қатысқан атақты күйші болған.

Ұл-қыздарына ұлттық тәрбие беріп, елін, отанын сүюге баулыған. Ал өзі қызметін адал атқаруға тырысады. 23 жыл жолда жүргенде ол 5 көлік ауыстырған. «Жигули 2106», «Москвич 412», «Опель» автокөліктерін тізгіндесе, қазір «Nissan Primera» маркалы көлікті айдап жүр. Бір қызығы, ол механикалық көлік құралдарын ғана басқарады.

«Жасым 70-ке жақындады. Әлі де жолдамын. Балаларым есейді, қазір бәрі жеткілікті. Бірақ осы кәсіпке деген сүйіспеншілігім мені үйде отырғызбайды. Автовокзалда жиналған таксистердің ішіндегі ең үлкені менмін. Олар мені кезексіз өткізіп жіберіп жатады. Азаматтар сыйлайды» дейді ол.

Гүлшара 3 ұл, 4 қыз сүйген бақытты ана. 9 немере, 13 жиен, 1 шөберенің сүйікті әжесі. Жас ұлғайғанда темір тұлпар тізгіндеп ұзақ жолдан оралғанда оның шаршауын басатын – үйдегі кішкентайлар. Тағдырдың талқысымен ерлердің кәсібін меңгерсе де, ол өз өміріне өкпелеп көрген емес.

«Ер-әйел дейтін ештеңесі жоқ, әркімнің өзінің жігері, талабы жүрегінде. Қорықпау керек, жүрегің не дейді, соны жасау керек. Өзің таңдаған жұмысыңды адал істеуің керек. Ниет болса, жұмыс көп. Қол қусырып, көрінгенге өкпелеп отыруға болмайды. Еліміз тыныш болсын. Ұрпақтарымыз аман болсын!» деді.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

08/01/2023
Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

30/12/2022
Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

30/12/2022
Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

30/12/2022
  • 2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    706 shares
    Share 282 Tweet 177
  • Құрметті Маңғыстау жастары!

    688 shares
    Share 275 Tweet 172
  • Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    684 shares
    Share 274 Tweet 171
  • «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

    652 shares
    Share 261 Tweet 163
  • «Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

    637 shares
    Share 255 Tweet 159

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Маңғыстау жастары

«Маңғыстау жастары» сайты - Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады. Сайт жұмысы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен және «Қолдау»орталығы» жеке меншік мекемесінің жүзеге асыруымен жүргізіліп отыр.

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist