Атырауда дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде маңғыстаулық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.
Ерлер арасында 66 келіде бақ сынаған Сұңғат Жұбатқан күміс медаль иеленсе, қыздар арасында 52 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Әлмұханбетова қола жүлдеге ие болды.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, спорттық дода Атырау қаласындағы «Атырау» спорт кешенінде өтіп жатыр. Ел чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.