Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Caspian Camp
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Caspian Camp
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстауда «Жас Тұлпар – 2022» облыстық жастар премиясы табысталды

15/12/2022
Айдары: Жаңалықтар, Жас көшбасшы
0
Маңғыстауда «Жас Тұлпар – 2022» облыстық жастар премиясы табысталды
597
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевтің қатысуымен «Жас Тұлпар – 2022» облыстық жастар премиясын табыстау мақсатындағы салтанатты шара өтті. Шарада әр салада жетістікке жетіп жүрген, 2022 жылы айтарлықтай қызмет етіп, өзге жастарға үлгі көрсеткен жас белсенділер марапатталды.

Салтанатты шараны ресми түрде ашып беріп, кіріспе сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары биыл жастар саясаты саласында айтарлықтай шаруалар атқарылғандығын тілге тиек етті.

– Бұлар жастардың қатысуымен, жастардың бастамасымен өткен іс-шаралардың бірсыпырасы ғана. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі негізде тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қашан да жастардың азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалары мен бастамаларына өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайын екендігімізді тағы да айтып өткім келеді.  Жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы жылдары өз нәтижесін беретіндігіне сенімдімін! Болашақ жастардың – қолында! Тәуелсіз Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете беріңіздер! Съездегі Ел Президентінің Үндеуін іс жүзінде жүзеге асуына өз үлестеріңізді қосыңыздар! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге алғысымды білдіремін! Сіздерге зор үміт артып, бірлесе ауқымды істерді атқарамыз деген сенімдемін! Әрбір бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!- деді Үлықбек Тналиев.

Шара барысында елімізде волонтерлік қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін «НұрАли» ЖШС басшысы, меценат Аслан Жетібайұлы Қалақанов және «Көмек-Жаңаөзен» волонтерлік тобының волонтері Нұрлыбай Салтанмұрат Жұмағалиев ҚР-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының алғыс хатымен марапатталды. Бұған қоса, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, «JasART» жеке меншік мекемесі, «Риза – Ана» қоғамдық қоры, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы» қоғамдық қоры, «Ақтау» студенттер Альянсы» коорпаративтік қоры, «Parasat Pro» қоғамдық қоры, Боранбаев Өткір Рахимбайұлы және ​«Promax» жарнама баспа қызметі Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлының Алғысымен марапатталды.

Сонымен қатар, шара соңында жыл ең үздік жастары анықталды. Оларға «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша «Жас Тұлпар – 2022» жастар премиясы табысталды. Жыл үздіктері қатарында: жаңаөзендік «Қыран» футбол мектебінің түлегі, «Каспий» футзал клубының ойыншысы  Райымбек Мақсатұлы Жұма, облысымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, баспанаға мұқтаж отбасыларды үймен қамтамасыз еткен «Көмек Жаңаөзен» еріктілер тобы, айтыскер ақын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі – Оңғарбаев Нұрсұлтан Қалпақбайұлы, «AQ DAM» ұлттық тәттілер брендінің және «Irimshik Street» тез тамақтану орталығы желісінің негізін қалаушы Даниял Саматұлы Төлеуіш, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кардиолог-дәрігері Абай Қазиев Жейенаевич, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің жеңімпаздары – «Көкмойнақ» командасы, көрермен қауымға көгілдір экранда жүргізген жобаларымен танымал «Хабар» телеарнасының тілшісі Ашықбаева Айгерім Тоқтарбайқызы, «Маңғыстау-медиа» (7292info.kz) ақпараттық сайтының негізін салушы, графикалық дизайнер Алиева Ақерке Гагаринқызы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында, Ақшұқыр мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқаратын Үшбатыров Өсер Абылайұлы бар.

Айта кетейік, аталған премия облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси мен қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, әр сала бойынша өз  мамандығының шеберлерін анықтау және марапаттау мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын табысталып келеді.

 

1 of 3
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

«Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

27/09/2023
Ақтауда 800-ден аса тұрғын тегін кеңес алды

Ақтауда 800-ден аса тұрғын тегін кеңес алды

23/09/2023
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

20/09/2023
Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

19/09/2023
  • «Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

    «Caspian camp» батыс аймақтық жастар лагері басталды

    567 shares
    Share 227 Tweet 142
  • Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    580 shares
    Share 232 Tweet 145
  • Жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды

    589 shares
    Share 236 Tweet 147

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Caspian Camp
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Caspian Camp
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist