Автокөлікке құйылатын сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгеріссіз қалдыру шарты 2023 жылдың 30 маусымға дейін ұзартылды.
Тиісті бұйрыққа бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қол қойды.
Сұйытылған газ бағасын реттеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отынның қымбаттауына байланысты қазақстандықтардың наразылығынан кейін енгізілген еді.
2022 жылдың ортасында Маңғыстауда газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы шекті баға белгіленді.
Қазір еліміздің әртүрлі аймақтарында газдың құны әртүрлі. Астана, Қостанай, Қарағанды, СҚО, Жетісу, Ұлытау және Павлодар облыстарында – 70 теңге.
Алматыда-65, Ақтөбе және Атырау облыстарында литріне 50 теңгеден. Шымкент және қалған өңірлер- 60 теңгеден саудаланып жатыр.