Астанада UMAI өнер саласындағы тұңғыш Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
5 айға созылған конкурсқа қатысқан Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының «Айжан әжейдің ертегісі» , «Қайта жаңғырған өрнек», «Дастархан» трилогиялары «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесімен марапатталды.
Жүлдені Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады.
Қойылымдардың режиссері Насырова Надежда Николаевна.