Маңғыстау облысында жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды.
Өңірде барлығы 243 сайлау учаскесі және 8 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс істеді.
Маңғыстауда 411 165 сайлаушы бар.
Жергілікті сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша облыстағы сайлаушылардың келуі 66.99%-ды құрады.
Дауыстарды санау басталды.