Маңғыстау ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мемлекттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс өтті.
Сайыс Маңғыстау ауданы әкімдігі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысытық филиалының қолдауымен және аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен жарысқа қатысқан командалар арасындағы ойын тартысты болды.
Ойын қорытындысында ауданға қарасты әкімдік пен бөлім мамандарынан құралған командалар бірінші, екінші орынды иеленсе, үшінші орынды бөлім басшылары командасы алды.
Сонымен бірге ойында шеберлігімен көзге түскен Амалбек Жанбуршиев «Үздік шабуылшы», Нұржан Бөкенбаев «Үздік қорғаушы», Нұрсұлтан Аманжолов «Үздік байланысшы», Заманбек Әнуаров «Үздік ойыншы» атауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дайрабай Үсіпбаевтың атынан марапатталды.