Бейсенбі, Қыркүйек 21, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру жастар жұмыссыздығын азайта ма?

07/11/2022
Айдары: Жаңалықтар
0
Кәсіптік бағдар беру жастар жұмыссыздығын азайта ма?
574
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі экономикаға тікелей әсер етуші өткір мәселе болып отыр. Жұмысқа қабілеті бар азаматтардың екі қолға бір күрек таппай жосып жүруінің бірқатар нақты себептері бар. Жұмыссыздық мәселесі мен халықтың күнкөріске қаражаты жетпеуі әр түрлі физикалық және психологиялық залалдарға әкеліп соқтыруда. Жұмыссыздық қылмыстың себебі те, қылмыстың салдары да болып отырғаны жасырын емес.

Мәселен, ашық дереккөздердегі соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінше, 2018 жылдың 6 айы ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар жасаған 25 286 құқық бұзушылық тіркелген.

Жастардың жұмыссыздығын тек бос жұмыс орындарының болмауымен байланыстыру орынсыз секілді. Өйткені, жастар арасындағы жұмыссыздық, ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі күні 82400 адамды құрайды. Ал Электронды еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыру бойынша 34 мыңнан астам бос орын және жұмыс берушілерден 82 мыңнан астам сұраныс орналастырылған. Сондықтан тек цифрларға сүйенсек, бос орындар жұмыссыз жастардан көп.

«Аталған мәселенің себебі – жастардың мамандық таңдай алмауында және нарық сұранысындағы мамандықтар туралы ақпараттардың жетіспеушілігінде»,- деп есептейді «Parasat Pro» қоғамдық қорының директоры, түпқарағандық жас Ғазиз Ізтұрғанов. Ол осы ойын дәлелдеу және мәселемен күресу үшін бүгінде жастар жұмыссыздығының азаюына ықпал ету мақсатындағы мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастап та кеткен. Аталған жұмыстарды арнайы жоба ретінде қарастыратын ол қазіргі таңда мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізуде.

– Жобамның мақсаты – балалардың еңбекке дайындығын қалыптастыру, одан әрі кәсіби қызмет үшін қасиеттерді жетілдіру және мамандық таңдау кезінде оқушыларды кәсіби бағдарлау. Мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлаудың негізгі компоненттері кәсіптік бағдарлау, тұтастай алғанда, көптеген аспектілер мен бағыттарды қамтитын үлкен, күрделі жүйе.

Бұл жүйені аудан мектептерінде жүзеге асыру үшін аталған жоба барысында алдымен, жастар арасында сауалнама алынды. Сауалнамадан Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласындағы 4 мектеп: Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі, Форт-Шевченко мектеп-интернаты, М.Горький атындағы мектеп-лицейі, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары өтті. Сауалнамада диагностикалық My Code тесті қолданылды. Тестте жасөспірімдердің қай бағытқа, салаға бейім екендігі анықталды. Тест баланың бойындағы қарым-қабілетін ашады. Тест 94 арнайы сұрақтан құралған. Тестте тест қатысушысының мотивациясы, интеллектісі ескеріледі.

Бұдан соң, ата-аналарға мамандық таңдау туралы жадынама тарату көзделіп отыр. Өйткені, баланың мамандық таңдауында ата-ананың атқаратын рөлі зор. Жадынама тарату жұмыстарынан соң, кездесу, әр сала мамандарының қатысуымен семинар-тренинг жүргізіледі. Бұл кешенді жұмыстар жастардың кәсіптік бағдарын анықтауға мүмкіндік береді есептеймін,- дейді Ғ.Ізтұрғанов.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

20/09/2023
Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

19/09/2023
“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

19/09/2023
Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

16/09/2023
  • Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    579 shares
    Share 232 Tweet 145
  • Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    570 shares
    Share 228 Tweet 143
  • “Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

    568 shares
    Share 227 Tweet 142

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist