27-28 қарашада Ақтөбе қаласында IX Халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастарға арналған өнер байқауы өтті.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық өнерпаз өз өнерлерін көрсетіп, талантты балалар бақ сынады.
Байқауға Жаңаөзен қаласының намысын қорғаған “Кендірлі” ауылдық мәдениет үйінен Жанат Утебаева жетекшілік ететін “Сазкеруен” домбыра үйірмесінен 2 оқушы, Лаззат Ерубаева жетекшілік ететін “Сыр сандық” көркемсөз үйірмесінен 6 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысымен “Музыкалық аспапта ойнау” номинациясы бойынша Гран-При Ізбасар Аида, Ізбасар Кәусар иеленді. “Көркемсөз“ номинациясы бойынша Оразғазы Айбек, Тұрарбай Мұхаммедали , Дүзелбай Аяулым, Тлепбай Арай , Наурузхан Нұрсая І орын иемденсе, Жұмагелді Нұрсезім ІІ орынмен марапатталды.