Испаниялық «Барселона» футболдан әлем чемпионатына ең көп ойыншы жіберген команда ретінде рекорд орнатты.
Кеше Катарда басталатын әлем чемпионатына әлемнің көптеген клубтары өз ойыншылары аттандырды. Олардың арасынан Испанияның «Барселона» командасы 17 футболшысын аттандырып салды. Бұл «Валенсия» қорғаушысы Хосе Луис Гайяны алмастырған 19-жастағы Алехандро Бальде Испания құрамасы қатарына қосылғаннан кейін белгілі болды.
Аталған елдің құрамасы сапында Алехандро Бальдеден өзге Эрик Гарсия, Жорди Альба, Серхио Бускетс, Педри, Гави, Ферран Торрес және Ансу Фати ойын көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
Сондай-ақ, аталған командадан өзге елдер құрамасында Жюль Кунде мен Усман Дембеле (Франция), Френки де Йонг мен Мемфис Депай (Нидерланды), Марк-Андре Тер Штеген (Германия), Рональд Араухо (Уругвай), Рафинья (Бразилия) және Роберт Левандовски (Польша) жасыл алаңға шығуы мүмкін..
Катар еліне өз құрамынан «Манчестер Сити» 16 футболшы аттандарды. Рдан кейінгі орындарда «Аль-Садд» (15), «Манчестер Юнайтед» (14), «Реал» (13), «Челси», «Атлетико» және «Аль-Хилаль» (12), ПСЖ, «Тоттенхэм», «Боруссия» (Дортмунд), «Ювентус» және «Аякс» (11) тұр.