Ақтаулық белгілі фотограф Ерназ Алдан @yernazaldan фотосессияға арналған ең әдемі локацияларды ұсынады.
1
Ыбықты сай – Ақтау қаласынан 52 шақырым қашықтықта орналасқан ерекше орын. Қолдан қашап жасалғандай тау мен тасы бар. Дәл осы локацияда фотографтар кез келген жан немесе жұпты Маңғыстауда емес, әлемнің басқа бұрышында жүргендей күйде түсіреді.
2
Rixos Aktau – Ақтау қаласындағы локациясы көп қонақ үй. Сондықтан да фотографтар бұл орынды жиі таңдайды.
3
Айрақты-Шоманай – Ақтау қаласынан 115 шақырым қашықтықта орналасқан. Талғамға қарай тәнті болар талай туынды шығаруға арналған локацияның бірі.
4
Каспий теңізінің жағалауы – әр сәтімен әдем. Таң атса да, кеш батса да көз тоймайтын сұлулығы бар орын. Мұнда қалауыңша суретке түсіп, естеліктерді жинауға болады.
5
Құмды мүйіс – Каспий теңізі жағалауындағы құмды төбе. Бұл локацияда кез келген образда, табиғатқа еркелей жүріп, суреттерді шығаруға болады.
6
Ақеспе – Ақтаудан 100 шақырым қашықтықта орналасқан ақ тау. Ерекше локацияның бірі.
7
Тұзбайыр соры – ақ кілем төсеп қойғандай, бастысы образдың барлығын ашады.
8
Aktau Garden – тропикалық аймақта серуендегендей суретке түсетін әрі көбі біле бермейтін локация.