Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты.
Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.