Сейсенбі, Қаңтар 31, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді

29/09/2022
Айдары: Жаңалықтар, Таным
0
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді

фото ғаламтордан алынды

566
SHARES
5.1k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Қазақстандық отбасыларды жеңілдетілген шарттармен несиелендіруге биыл республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражат Отбасы банкіне түскен. Бұл қаражат аясында 5000 жуық отбасы несиелендірілетін болады.

ҚР Үкіметі қабылдаған, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды 2026 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасының қаулысына сәйкес, бағдарламаға бірқатар оң өзгерістер енгізілді.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, «жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» сондай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстанлықтар қатыса алады. Жаңа қосылған санаттар бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушалар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады.

Тағы бір жағымды жаңалық – «Бақытты отбасы» бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы алты айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап бар болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын, яғни олардың баспана мәселесі шешілмейтін.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларды несиенің максималды сомасымен шектемейтін болады. Осыған дейін аймаққа байланысты ол 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін ғана болатын. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделетін болады және тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады.

Қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін келесідей баға параметрлері белгіленген:

Астана, Алматы қалаларында және олардың маңайындағы аудандарда 290 мың теңгеге дейін;

Атырау және Маңғыстау облыстарында 240 мың теңгеге дейін;

Шымкент қаласында, Қостанай, Түркістан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 220 мың теңгеге дейін;

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында 200 мың теңгеге дейін;

Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Жетісу облыстарында 180 мың теңгеге дейін.

Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрден аспайтын болады.

Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған аймақтан сатып алынуы тиіс.

Тағы бір маңызды ақпарат, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер арқылы салынған әлеуметтік несиелік тұрғын үйлерді ғана сатып алу мүмкіндігі бар. Тұрғын үйді таңдауға немесе өңірде үйдің қолданысқа берілуін күтуге бағдарлама қатысушысына 2023 жылдың ақпан айының соңына дейін уақыт беріледі. Осы уақытқа дейін қатысушының өтініші сақталады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз, жылдық 2% мөлшерінде қалады, ең төменгі бастапқы жарна – 10%. Несиенің максималды мерзімі – 20 жылға дейін. Несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар төлем қабілеттілігін растаулары қажет.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде 14 700 қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады.

Тұжырымдамаға сәйкес елімізде жеңілдетілген несиелік тұрғын үй бағдарламалары «2-10-20» («Бақытты отбасы» бағдарламасы) және «5-10-20» («Шаңырақ» бағдарламасы) аясында жүзеге асырылатын болады.

«5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктерде баспана кезегінде тұрған азаматтардың барлық санаттары пәтер ала алады. Табыс бойынша шектеулер болмайды. Бастысы бағдарламаға қатысушылар төлем қабілеттілігін растаулары қажет.

Бағдарлама бойынша жергілікті әкімдіктер арқылы салынған әлеуметтік несиелік тұрғын үйлерді ғана сатып алуға болады.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

Гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, Цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы”

08/01/2023
Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

30/12/2022
Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы тағы алты ай тұрақты болады

30/12/2022
Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

Футбол королі Пеле 82 жасында дүниеден өтті

30/12/2022
  • 2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

    706 shares
    Share 282 Tweet 177
  • Құрметті Маңғыстау жастары!

    688 shares
    Share 275 Tweet 172
  • Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    684 shares
    Share 274 Tweet 171
  • «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

    652 shares
    Share 261 Tweet 163
  • «Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

    637 shares
    Share 255 Tweet 159

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс
Маңғыстау жастары

«Маңғыстау жастары» сайты - Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады. Сайт жұмысы бүгінгі таңда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен және «Қолдау»орталығы» жеке меншік мекемесінің жүзеге асыруымен жүргізіліп отыр.

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Таным
  • Жас көшбасшы
  • Өзге пайым
  • Жобалар
  • Байланыс

© 2022 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist