Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Облыстық спорт басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жүгіруден жарыс өтеді.
Салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға бағытталған шараға сіз де үлес қосыңыз!
Жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтетін спорттық шараға қатысуға шақырамыз!
Өтетін жері: 15-шағын аудан, Амфитеатр жанынан бастау алып, төменгі шағын ауданға дейін жалғасады.
Өтетін уақыты: 8-сәуір, сағат 8:30
Ақ кепка, ақ футболкамен келу сұралады
Қатысушы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар, марапаттаулар болады.