Ақтау қаласындағы Әскери-теңіз базасының оқу орталығында осы жылдың күзінде Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге шақырылған матростардың әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті.
Павлодар және Шығыс Қазақстан облысынан шақырылған 100-ден астам матрос бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті. Тәжірибелі офицерлер жас толықтыру жиындарының бағдарламасы бойынша сабақтар өткізді. Жас теңізшілерге әскери мамандықтың негіздері үйретілді. Әскерге шақырылушылар саптық, атыс және дене шынықтыру негіздерін үйренді.
– Мен жауынгерлік кемелерде әскери қызмет өткізіп, Каспий теңізі акваториясының шекарасын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Біз бір айда көп нәрсені үйрендік. Менің ойымша, бізді өте жауапты қызмет күтіп тұр. Барлық командирлерге еңбегі мен шыдамдылығы үшін алғыс айтқым келеді. Өйткені біз бір айда әскери қызмет туралы көп нәрсені игердік, – деді Өскемен қаласынан келген теңізші Кирилл Окуньков.
Салтанатты шараға әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары, Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шара дәстүр бойынша бөлім жеке құрамының шеруімен және десанттық-шабуылдау батальоны жауынгерлерінің қоян-қолтық ұрыс көрсетуімен аяқталды. Жас жауынгерлер қару-жарақпен қоян-қолтық элементтерін көрсетті.